Білім бөлімінде Ашық есік күні

Қостанай қаласының білім бөлімі ағымдағы жылдың 19 сәуірінде қаланың білім беру жүйесінде білім беру саласының өзекті мәселелері бойынша Бірыңғай ашық есік күні өтетінін хабарлайды.
🏛️Сіздерді Алтынсарин көшесі – 109, қалалық балалар шығармашылығы мектебінің 1 қабатында сағат 16.00-ден 20.00-ге дейін күтеміз.
❓Мұнда білім саласының өкілдеріне өз сұрақтарыңызды қойып, оларға толық жауаптар ала аласыз.